"Strange jobs"
Teacher Hub
Английский язык
8 класс
Автор: Лаззат Нурсеитова
Дата: 28.05.2026
Размер: 3,08 МБ
Скачиваний: 0
“Strange Jobs” тақырыбында ағылшын тілі пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың тыңдалым, оқылым және тапсырмаларды орындау арқылы сөздік қорын дамыту, тақырып бойынша жаңа сөздер мен мамандық атауларын меңгерту, сондай-ақ ағылшын тілінде өз ойларын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру болды. Сабақ барысында оқушылар белсенді қатысып, түрлі тапсырмалар арқылы өз білімдерін көрсетті.
Сабақ үш кезеңнен яғни Station Rotation құрылымын пайдаланып өтілді. Бірінші кезеңде оқушылар Акелиус платформасынан “Strange Jobs” тақырыбына байланысты бейнематериал көрді. Бейнеролик арқылы оқушылар ерекше мамандықтар туралы мәлімет алып, тыңдалым дағдыларын дамытты. Бейне аяқталғаннан кейін оқушыларға сұрақтар қойылып, олар өз жауаптарын ағылшын тілінде беруге тырысты. Бұл кезең оқушылардың қызығушылығын оятып, жаңа тақырыпқа енуіне мүмкіндік жасады.
Екінші кезеңде оқушылар “Strange Jobs” тақырыбындағы қысқа мәтіндерді оқыды. Әр мәтінде ерекше және қызықты мамандықтар туралы ақпарат берілді. Оқушылар мәтін мазмұнын түсініп оқу, негізгі ақпаратты анықтау және жаңа сөздерді меңгеру бағытында жұмыс жасады. Сонымен қатар мәтін бойынша берілген түрлі тапсырмаларды орындады. Бұл тапсырмалар оқушылардың оқылым және сыни ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Үшінші кезеңде сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар тест тапсырмаларын орындады. Тест арқылы оқушылардың сабақ барысында меңгерген білімдері тексеріліп, тақырыпты қаншалықты түсінгендері анықталды. Қорытынды бөлімде оқушылар өз пікірлерін айтып, сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.
Жалпы сабақ өз мақсатына жетті. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, жаңа сөздерді меңгеріп, ерекше мамандықтар туралы білімдерін кеңейтті. Сабақ барысында оқушылардың тыңдалым, оқылым, сөйлеу және ойлау дағдылары дамытылды.
Предпросмотр
Открыть в новой вкладке ↗
0
0 комментариев
Пока нет комментариев. Будьте первым!